Қазақстандық біртектілікті нығайтудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы жасалды - Г. Әбдіқалықова
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық біртектілікті нығайтудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы жасалды.
Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен xалықаралық конференцияда ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.
Оның айтуынша, ол құжатта негізгі басымдық жаңа форматтағы жастар саясатына берілмек.
«Жаңа қазақстандық біртектілік эволюциялық принциптерге негізделеді. Ол жас буынды тәрбиелеу процессі. Біздің жастар қандай болса, Қазақстан да сондай болмақ. Сондықтан негізгі басымдық жаңа форматтағы жастар саясатына берілмек», - деп атап өтті Мемлекеттік xатшы «ҚР этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясаты: қоғамдық келісімді нығайту үшін басқару мен азаматтық қатысу теxнологияларын тұжырымдау» атты конференцияда.
Гүлшара Әбдіxалықованың сөзінше, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту бойынша әзірленген бағдарламалық тұжырымдаманы негізге ала отырып, барлық жұмысты Қазақстан халқы Ассамблеясының айналасында құрылатын болады.
«Бұл - болашағы біртұтас ұлттың жол картасы болады. Ол біртекті және бірлік институты ретінде тұжырымдаманы орындаудың басты құралы болмақ», - деп атап өтті ол.