Қазақстандық биші Шешенстан басшысы Қадыровтың қолынан жүлде алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бишісі халықаралық би конкурсының Гран-При жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

null  

«Ағымдағы аптада Шешен Республикасының мәдениет министрлігінің қолдауымен Грозный қаласында әйгілі биші, аты аңызға айналған Махмуд Эсамбаев атындағы IX Халықаралық бишілер конкурсы өтті. Аталмыш конкурста 16 елдің өкілдері өнерлерін паш етті. Қазақстан Республикасының атынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Салтанат» би ансамблінің белді артисі Ернұр Қарықбол қатысты. Ернұр Қарықбол жеке би номинациясында «Моңғол» және «Аққу» билерін орындады. Шет елдерден келген орындаушылардың шеберлігіне қарамастан, ол өте жоғары кәсіби техникалық деңгейде орындауымен ерекше әділқазылардың көзіне түсті. Осылайша, Ернұр Қарықбол Махмуд Эсамбаев атындағы IX Халықаралық бишілер фестиваль-конкурстың Гран-При жүлдегері атанды», - делінген Мәдениет және спорт министрлігі мәліметінде.

null null 

Жүлдені Шешен Республикасының Президенті Қадыров Рамзан Ахматұлы өз қолымен табыстады. Конкурстың салтанатты жабылу рәсімі Ернұр Қарықболдың орындауындағы «Моңғол» биімен аяқталды.

null 

Ернұр Қарықбол ҚР «Салтанат» би ансамблінің көркемдік жетекшісі-бас балетмейстер, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Гүлсәуле Орумбаеваның шәкірті. Аталған жүлделер және әділ-қазылардың шешімі ұстаздың халықаралық дәрежедегі жоғары бағасы болып табылады.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар