Қазақстандық боксшы 27 рет жеңіске жеткен WBO экс-чемпионымен жұдырықтасады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 31 қазанда Атырауда бокс кеші өтеді. Бұл кеште отандық және шетелдік боксшылар рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 27 рет жеңіске жеткен WBO экс-чемпионымен жұдырықтасады

Кештің негізгі оқиғасы бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы, әуесқойлар арасындағы Азия-2019 чемпионы Бек Нұрмағанбет (1-0, 1 КО) пен бұрын екінші орта санаттағы WBO Asia Pacific титулын иеленген, 27 жастағы танзаниялық Абдаллах Паззимен (27-7-1, 24 КО) кездесуі болмақ.

Еске сала кетсек, Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы жолын биыл 26 шілдеде Минскіде (Беларусь) бастап, сол кездесудің бірінші раундында мажарстандық Тамаш Ласканы (19-21-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.