Қазақстандық боксшы 33 секундтың ішінде америкалықты нокаутқа түсірді

ЖАҢА ОРЛЕАН. ҚазАқпарат –  Қазақстандық боксшы Николай Шваб өзінің кәсіби карьерасын тамаша бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 33 секундтың ішінде америкалықты нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын небәрі 33 секундтың ішінде сұлатып салды.

25 жасар қазақстандық кәсіби ринктегі алғашқы айқасын АҚШ-та, Жаңа Орлеанда (Луизиана штаты) өткізді.

Төрт раундтық жекпе-жекте оған жергілікті боксшы Амони Сандерс (0-2) қарсылас болды..

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа есептелген еді. Бірақ Шваб бірінші раундтың 33 секундтында қуатты соққысымен қарсыласын нокаутқа жіберді.