Қазақстандық боксшы АҚШ-та әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

None
салмақта WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтеді. Онда қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7-0, 6 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ербосынұлы — Моррель жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша сағат 08:00-де басталады, «Хабар» телеарнасында көрсетіледі.

Бір күн бұрын боксшылар жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Айдос Ербосынұлы соңғы рет рингке бір жылдан астам уақыт бұрын, 2021 жылдың қыркүйегінде шықты. Онда ол Астанада Гайана спортшысы Леннокс Алленмен (22-2-1, 14 КО) жекпе-жек өткізіп, оныншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Дэвид Моррельге келетін болсақ, кубалық боксшы маусым айында жекпе-жек өткізіп, төртінші раундта америкалық Келвин Хендерсонды (15-2-1, 11 КО) нокаутқа жіберген еді.
Айта кетейік, Оберхаузендегі бокс кешінің андеркартында қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1КО) өнер көрсетеді, ол америкалық боксшы Демаркус Лейтонмен (8-3-1, 5 КО) жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі жартылай орта салмақта өтеді және алты раундқа жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар