Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBC және IBF титулдарының иегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) 18 қыркүйекте жеңіп алған WBC Silver және IBF North American чемпионы титулдарының жеке иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBC және IBF титулдарының иегері атанды

Жоғарыда аталған белбеулер үшін жекпе-жекте Ахмедов тәжірибелі америкалық Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. Жекпе-жек Лас-Вегаста Геннадий Головкин-Сауль «Канело» Альварес III шоу аясында өтті.

Айқастан кейін үш аптадан соң қазақстандыққа жүлделері табыс етілді. Али титулдарының суретін Instagram Stories-те жариялады.

Әли Ахмедов – Головкин негізін қалаған GGG Promotions промоутерлік компаниясының боксшысы.



Фото: sports.kz