Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың кезекті қарсыласы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxrec.com сайтының деректері бойынша, қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (7-0, 5 КО) кезекті кездесуін 19 тамыз күні Остинде (АҚШ, Техас штаты) өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Он раундтық жекпе-жекте Ахмедовтың қарсыласы 23 жасар америкалық боксшы кіші Кёртис Хилл (10-0, 5 КО) болады.

Олар жастар арасындағы жартылай ауыр салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін бақ сынасады.

Соңғы жаңалықтар