Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы кәсіби рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 қазанда Украинаның Кривой Рог қаласында қазақстандық орта салмақтағы боксшы, 23 жасар Айдос Ербосынұлы шаршы алаңда өнер көрсетіп, кәсіби рингтегі өзінің екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарланған боксшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобында.

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы кәсіби рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді

Оның қарсыласы бұдан бұрын ережесіз жекпе-жектерге ғана қатысқан украиндық боксшы Денис Поднебесный болды.

6 раундан тұратын жекпе-жек 4-ші раундында аяқталды - қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.