Қазақстандық боксшы Азат Махметов Ислам ойындарының финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Азат Махметов Бакуде 52 келіге дейінгі салмақта Ислам ойындары финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық боксшы Азат Махметов Ислам ойындарының финалына шықты

Жартылай финалда жерлесіміз алжирлік Усама Морджанемен кездесуі тиіс еді, алайда техникалық себептерге байланысты жекпе-жек өтпей қалды.

Ақтық сында Азат мароккалық былғары қолғап шебері Дараа Абделалимен кездеседі.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 12-22 мамыры аралығында Бакуде IV Ислам ынтымақтастық ойындары өтіп жатыр. Оған 54 елден 3500 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 5 спорт түрінен 32 спортшы қорғауда. Олар: бокс, дзюдо, таеквондо WTF, еркін және әйелдер күресі.