21:19, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
Қазақстандық боксшы Б. Сойлыбаев Солтүстік Американың чемпионы болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев алғашқы титулдық жекпе-жегінде жеңіске жетіп, Солтүстік Американың чемпионы болды.

25 жастағы Бекман Сойлыбаев екінші орта салмақта WBA - NABAUSA (Солтүстік Америка чемпионы) белдігін алды. Ол алты раундтық жекпе-жекте 28 жастағы мексикандық Мойзес Дельгадиллоны төрешілер шешімі бойынша жеңді.
Сойлыбаев кәсіпқой бокста ctu3p жекпе-жек өткізіп түгелінде жеңген. Осының алдындағы кездесуін 2015 жылы желтоқсанда грузин Кахабер Аветисянмен өткізіп жеңіске жеткен. Аветисян өз карьерасында 78 кездесу өткізіп, 43 жеңіске жетсе, 34 жеңіліп, 1 кездесуінде тең түскен.
Ал Дельгадилло 31 кездесуіндегі 14 жеңілісіне ұшырады (15 жеңіске жеткен, 2 тең түскен).
Бұл - Сойлыбаевтың алғашқы титулы, деп жазады Аламан.