00:38, 03 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Қазақстандық боксшы Бағдат Әлімбековтің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 қыркүйек күні қазақстандық боксшы Бағдат Әлімбековтың кәсіби шаршы алаңдағы алғашқы жекпе-жегін ресейлік «Бокс ТВ» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін 6 раундтық сайыста оның қарсыласы жергілікті боксшы Никита Кузнецов (1-0) болмақ. Былғары қолғап шеберлері екінші жеңіл салмақта (55,3 келіге дейін) жұдырықтасады, деп хабарланған Қазақстан кәсіби боксының ВКонтакте желісіндегі парақшасында.