Қазақстандық боксшы Балоев поляк Навроцкиді бірінші раундта нокаутқа жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Али Балоев (2-0, 2 КО) кәсіби рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Sports.kz.
None
None

Польшаның Семятыч қаласында Балоев алғашқы раундта-ақ (жекпе-жек 4 раундты форматта өтті) жергілікті боксшы Артура Навроцкиді (1-2) нокаутқа жіберді. Али мықты шабуыл ұйымдастырды, сол сәтте поляк спортшысының секунданты төрешіден сайысты тоқтатуды сұрады.

Соңғы жаңалықтар