Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың кезекті айқасы қашан өтетіні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық нокаутшы Батыр Жүкембаевтың (15-0, 12 КО) рингке оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіліп көрмеген спортшы 17 мамырда Монреалдағы (Канада, Квебек провинциясы) Montreal Casino-да өтетін бокс кешінің қатысушыларының бірі болмақ. Қазақстан уақыты бойынша айқас 18 мамырда таңертең өтеді. Жүкембаевтың қарсыласы әзірге белгісіз. Басты бокс кешінде ресейлік Арсланбек Махмудов (7-0, 7 КО) америкалық боксшы Джонатан Райспен (10-3-1, 6 КО) супер ауыр салмақтағы WBC International титулы үшін күш сынайды.

Еске салайық, Батыр соңғы жекпе-жегін 16 наурызда осы аренада өткізген. Онда ол төрешілердің шешімімен мексикалық Хильберто Месойды (10-6-1, 6 КО) жеңген еді.

Соңғы жаңалықтар