Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Киевтегі жекпе-жекте жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Киев қаласында қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев өзінің кәсіби рингтегі 7-ші жекпе-жегін өткізді.
8 раундтық жұдырықтасуда оның қарсыласы грузиндық Кахабер Аватесян болды. Жарыс барысында Бекман одан өзінің айқын басымдығын көрсете білді. Жекпе-жек соңында төрешілер шешімі бойынша жеңіске 80-72 есебімен қазақстандық боксшы лайық деп танылды, деп хабарланған Қазақстан кәсіби боксының Вконтакте желісіндегі парақшасында.