01:25, 14 Қазан 2015 | GMT +5
Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев отбасын құрды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте екі жекпе-жегін табысты өткізген соң елге оралып, отбасын құрды.

Үйлену тойы спортшының туған өлкесі - Оңтүстік Қазақстан өңірінде өтті. Былғары қолғап шеберінің қалыңдығы - Мөлдір Өміртаева атты ару.
Еске салайық, 25 жасар Бекман Сойлыбаев кәсіби рингте алты жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Оның соңғы сайыстағы қарсыласы американдық Хосе Луис Арайза болды, деп хабарланған Қазақстан боксының Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында.