Қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов 2016 жылғы Олимпиаданың жолдамасына ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада жолдамасына ие болды.

Қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов 2016 жылғы Олимпиаданың жолдамасына ие болды

AIBA Pro Boxing додасының 60 келідегі финалында Б. Әбдірахманов өзбекстандық Хуршид Торшибаевпен кездесіп, одан басым түсті, деп хабарлады boxingnews.kz. Сегіз раундқа жалғасқан жекпе-жек 3:0 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді.

Осылайша Берік Әбдірахманов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша АРВ чемпионы атанып, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.