Қазақстандық боксшы Бобыржан Момыновқа чемпиондық белдік табысталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момыновқа жеңіске жеткенімен, алты айдан кейін чемпиондық белдік табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келесісі Intercontinental чемпионының белдігі емес, жартылай орташа салмақтағы әлем чемпионының белдігі болар деген үміттемін», - дейді Бобыржан Момынов.

Қазақстандыққа белдікті Ұлттық бокс қауымдастығының (NBA) президенті Дэймон Гонсалес ұйымның штаб-пәтерінде табыс етті. Ендігі кезекте, Бобыржан Момынов - жартылай орташа салмақта NBA Intercontinental ресми чемпионы саналады.null

Жүлдені боксшы гүржілік боксшы Анзор Гамгебелиді жеңгені үшін алып отыр. Аталмыш кездесу 2018 жылдың қыркүйек айында болғанын атап өту керек. Сол айқаста отандасымыз кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Осыдан кейін қазақстандық америкалық Джонатан Стилді жеңген. Алайда белгісіз себептермен белдік боксшыға кешігіп беріліп отыр.

Еске сала кетсек, өткен жылдың шілде айында Бейбіт Шүменов пен Хамит Алтынкай айқасының андеркартында шаршы алаңға шыққан қазақстандық кәсіпқой боксшы Бауыржан Момынов Грузиядан келген Гиорги Блиядзені де ұтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар