Қазақстандық боксшы Ернар Ешенов белбеу қорғауға дайындалуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Ернар Ешенов белбеу қорғауға әзірлік үстінде.
ВКонтакте желісіндегі «Профи Бокс Казахстана» парақшасында хабарланғандай, 11 наурыз күні Қытайдың Гонконг қаласында бірінші орта салмақтағы WBC Intercontinental Youth титулын қорғау үшін қазақстандық боксшы 26 жастағы танзаниялық Ибрагим Маоколыймен (11-5-1, 8КО) айқасады. Айқас үш минуттан 8 раундқа жалғасады.
21 жастағы Ешенов кәсіпқой рингте бес кездесу өткізіп, барлығында (4-еуі нокаутпен) жеңіске жеткен.