19:05, 09 Шілде 2013 | GMT +5
Қазақстандық боксшы Ержан Жомарт - Универсиаданың қола жүлдегері
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Ержан Жомарт 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазандағы Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.
Е. Жомарт жартылай финалда Корея боксшысы Ким Инкюға 0:3 есебімен жол берді.
Сәл кейінірек Рустам Рустамов (56 кг), Нұрдәулет Жарманов (75 кг) және Жан Кособуцкий (+91 кг) өздерінің жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді.