Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпованың келесі қарсыласы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпованың (12-1, 6 КО) бүгін Қазан қаласында өтетін турнирде кіммен жекпе-жекке шығатыны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.
None
None

Әу баста ол Олимпиаданың күміс жүлдегері, ресейлік Софья Очиговамен (4-0, 1 КО) кездеседі деп күтілген. Алайда бұл жолы екеуі шаршы алаңға шықпайды. Оның жаңа қарсыласы - ресейлік Юлия Чернобородовая (0-1).

Фируза Шәріпова өзінің соңғы айқасын 2020 жылдың қазан айында өткізді. Ол әділқазылар шешімімен Сара Марьяновичті (7-8, 3 КО) жеңген болатын.

Айта кетейік, Шәріпов Юлия Чернобородоваямен бұған дейін де жекпе-жекке шыққан. 2017 жылы қазақстандық боксшы ресейлік қарсыласын ұтқан болатын.

Кәсіби бокс турнирі бүгін, 3 сәуірде Қазан қаласындағы «Баскет холл» аренасында өтеді. Жарыста 5 белбеу сарапқа салынады.


Соңғы жаңалықтар