Қазақстандық боксшы Г.Головкин 24-ші жеңіске жетті және Проксты нокаутқа жіберді
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсіби рингте 24-ші жеңіске жетті және 24-ші нокаутқа жіберді, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.
WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы 30 жастағы әлем чемпионы мен 27 жастағы осы атаққа үміткер Гжегож Прокс арасындағы сайыс АҚШ-та өтті.
Бірінші раундтың өзінде Головкин басымдық көрсетіп, полякты нокдаунға жіберді, бірақ та Прокс қайта орнынан тұрды. Екінші раундта поляк боксшысы өзіне-өзі келіп, бірнеше тым жақсы шабуылдар жасады.
Төртінші раунда Головкин бірнеше қарулы соққылар жасап, Проксты тағы да нокдаунға жіберді, бірақ поляк орнынан тұрып, раундтың соңына дейін шыдады.
Головкин бесінші раундта жеңіске жетті. Бірнеше соққыдан кейін Прокс рингке құлады, бірақ та тағы орнынан тұра алды, алайда осы арада төрешілер араласып, ойынды тоқтатуға шешім қабылдады.