Қазақстандық боксшы Головкин-Деревянченко бокс кешінде айқасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (15-0, 11КО) Геннадий Головкин (39-1-1, 35КО) - Сергей Деревянченко (13-1, 10КО) бокс кешінің андеркартында өнер көрсететінін ресми мәлімдеді. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісінде «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Madison Square Garden-нің атақты рингіне оралуға және Геннадий Головкиннің бокс кешіне қатысатыныма қуаныштымын! #GGGPromotions 5 қазан күні Нью-Йоркте кездесеміз!», - деп жазды Ә.Ахметов Instagram-да.

Еске салайық, Ахмедов Г.Головкин құрған GGG Promotions компаниясының боксшысы. Ол бұған дейінгі жекпе-жегін де Madison Square Garden-де Геннадийдің бокс кешінің аясында өткізген болатын. Ахмедов америкалық Маркус МакДэниэлді нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBC International Silver титулын иеленді.

Головкин мен украиналық Деревянченконың кездесуі 5 қазан күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді. Олар IBF нұсқасы бойынша орта салмақта бос тұрған әлем чемпионы титулына таласады. Жекпе-жек DAZN платформасынан таратылады. Айта кетейік, Головкин наурыз айында DAZN-мен алты айқасты қамтитын келісімшарт жасасқан еді. Қазақстандық боксшы оларды үш жылдың көлемінде өткізуі тиіс. GGG-дің серіктестік үшін гонорары 100 млн доллардан астам сомаға бағаланады.

Соңғы жаңалықтар