Қазақстандық боксшы IBF титулын иеленген соң, әлемдік рейтингте көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 КО) соңғы жеңісінен кейін Boxrec.com порталының рейтингінде көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы IBF титулын иеленген соң, әлемдік рейтингте көтерілді

Айта кетсек, Ресейдің Қазан қаласында өткен бокс кешінде Момынов төрешілердің басым дауысымен ресейлік Вагинак Тамразянді (17-8, 5 КО) жеңді. Нәтижесінде Бобыржан BoxRec рейтингінде жартылай орташа салмақта 122-орыннан 67-орынға көтерілген. Бұл жеңіс сондай-ақ, қазақстандық боксшыға IBF Eurasia титулын әкелді.

Сонымен қатар, Қазанда тағы екі қазақстандық боксшы – Арман Рысбек (7-1, 6 КО) пен Дастан Садуұлы (3-1, 3 КО) қатысқан, алайда өз жекпе-жектерінде олар мерзімінен бұрын жеңіліп қалған.


Фото: www.instagram.com/bobirzhan_mominov