Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев кениялық Моррис Околамен жұдырықтасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстан IBO Intercontinental тұжырымы бойынша чемпион, қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев (11-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін 1 маусымда Мытищи қаласында өткізеді, деп жазады kazsporttv.kz.
None
None

Оның қарсыласы - кениялық боксшы Моррис Окола (4-0, 2 KO). Ауыр салмақтағы жепке-жек 8 раундқа созылады.

Бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, ресейлік Дмитрий Чудинов (12-0-2, 8 КО) пен даниялық Патрик Нильсен (22-0, 11 КО) жұдырықтасады.

«KAZsport» телеарнасы жекпе-жекті дүйсенбі, 2 маусымда көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 11.10-де басталады.

Соңғы жаңалықтар