Қазақстандық боксшы Ислам IBO рейтингі ТОП-100-нен шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс ұйымы (IBO) тамыздағы жағдай бойынша әлемдік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық боксшы Ислам IBO рейтингі ТОП-100-нен шығып қалды

Кей өзгерістер Қазақстан өкілдеріне де қатысты болды.

Жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Жанат Жақиянов, екі сатыға төмендеді. Қазір ол  62-ші орында.  

Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде Қанат Ислам ТОП-100-діктен шығып қалды.  

Бірінші ауыр салмақта Бейбіт Шүменов алтыншы орынды сақтап қалды, ал Иса Ақбербаев 43-ші орыннан 41-ге көтерілді.