Қазақстандық боксшы ІВО рейтингінде 30 үздіктің қатарына кірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ІВО рейтингінің жаңарған нұсқасында қазақстандық боксшы айтарлықтай жоғарылады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Жалпы, рейтингтің жаңарған нұсқасында өткен аймен салыстырғанда аса үлкен өзгерістер жоқ. Қанат Ислам 12-орында тұр, Жанқош Тұраров пен Мадияр Әшкеевтер де үздік жүздіктегі орындарын сақтап қалды. Ал Мейірім Нұрсұлтанов екі саты төмен сырғып, 85-орынға тұрақтады. Есесіне 46-орында тұрған, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев бірден ТОП-30 қатарына қосылды.
Еске сала кетейік, мамырдың аяғында Жүкембаев кезекті қарсыласын нокаутқа жіберіп, алғашқы титулына қол жеткізген болатын.