Қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіби рингте 19-ші жеңісіне жетті - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанат Ислам кәсіби рингте 19-ші жеңісіне жетті.

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіби рингте 19-ші жеңісіне жетті - ВИДЕО

Алғашқы орта салмақта WBA Fedecaribe атағының иегері қазақстандық боксшы колумбиялық Орландо де Хесус Эстрадамен жекпе-жегінде өзінің атағын сақтап қалды, деп хабарлады Sports.kz .

Бұл ұрыс Қанат үшін кәсіби рингтегі 19-шы кездесуі болды. Рефери жекпе-жекті төртінші раудта тоқтатты, осылайша қазақстандық өзінің мансабындағы 16-шы мерзімінен бұрын жеңіске қол жеткізді.