Қазақстандық боксшы Қанат Ислам WBA рейтингінің үздік бестігіне енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA барлық салмақ дәрежесі бойынша әлем боксшыларының жаңарған рейтингін жариялады, деп жазды Sports.kz.
Қазақстан өкілдеріне қатысты тізімде аздаған өзгерістер бар.
Бірінші орта салмақта рингке шығатын Қанат Ислам бірқатар көтеріліп, үздік бестікке енді. Ал Жанқош Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесіндегі ТОП-15 қатарынан шығып қалды. «Уақытша» чемпион Жанат Жақиянов жеңіл салмақ санатында көшбасшы болып қалды.