Қазақстандық боксшы қарсыласын 38 секундта ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «Аламан» порталы.
None
None

24 жастағы Сойлыбаевтың қарсыласы мексикалық Серхио Нахер болды. Гонг естілісімен-ақ, шабуылға көшкен жерлесіміз үздіксіз соққылап, қысым көрсеткен. Осының арқасында қарсыласының ашық қалған тұсынан ауыр соққы жұмсады. Мұндай қысымға шыдамаған мексикалық есінен айырылып құлайды. Ал төреші кездесудің небәрі 38-ші секундында жекпе-жекті аяқтауға мәжбүр болды.

Бұл жеңіс - Сойлыбаевтың кәсіби мансабындағы уақытынан ерте аяқтаған үшінші жекпе-жегі. Ал Серхио Нахер өзінің 20-шы жеңілісіне ұшырады (10 жеңіс, 2 тең кездесу).

Жекпе-жек Калифорния штатындағы Чино қаласында кәсіби боксшылар шоуы кездесуінің аясында өтті.

Соңғы жаңалықтар