Қазақстандық боксшы кәсіби рингте жетінші рет жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Коннектикуттегі Mohegan Suns казиносында бокс кеші өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық Мадияр Әшкеев американдық Маркус Бекфордты (3-4-3) ұпай санымен ұтты. Бұл оның кәсіби рингтегі жетінші жеңісі.