Қазақстандық боксшы Қазандағы Универсиадада ¼ финалға шықты

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық Айдар Әмірзақов Қазанда өтіп жатқан 2013 жылғы Жазғы универсиадада бокс турнирі аясындағы өзінің алғашқы айқасын жеңіспен аяқтады.

Қазақстандық боксшы Қазандағы Универсиадада ¼ финалға шықты

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әмірзақов мысырлық спортшы Эслам Мохамедтен басым түсті.
¼ финалда қазақстандық боксшының қарсыласы украиналық Денис Беринчик болады. Жекпе-жек 8 шілде күні өтеді.
Қазақстанның өзге өкілі Бақытжан Қожабековтің (69 келі) алғашқы кездесуі сәтті болмады. Бастапқы турнирде ол Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері ресейлік Андрей Замковқа 1:2 есебімен жеңілді.