Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында екі күміс пен екі қола медальды жеңіп алды
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда кеше, 25 наурызда аяқталған бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында
Қазақстан спортшылары екі күміс және екі қола медальді жеңіп алды.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, бұл тартысты додада күміс жүлделер Жұлдыз Маматқұлова (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаеваның (+81 келі) қанжығасында. Ал қола медальдарды Гүлжан Әкімова (54 келі) мен Фирюза Шәріпова (64 келі) иеленді.
Жалпы, Азия чемпионатында континенттің 19 елінен 86 спортшы бақтарын сынады.