Қазақстандық боксшы қыздар Қытайда өтіп жатқан Әлем чемпионатын сәтсіз бастады

АЛМАТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Қытайдың Циньхуандао қаласында әйелдер боксынан Әлем чемпионаты басталды. Ол 76 күннен кейін Лондонда жалауы көтерілетін ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарының бірден-бір іріктеу кезеңі болмақ.
None
None

Олимпиада ойындарының бағдарламасына тұңғыш кіріп отырған әйелдер боксынан онда 51, 60 және 75 келі  салмақ дәрежелері бойынша 12 жолдама сарапқа салынғалы отыр. Екі жылда бір рет өтетін биылғы Әлем чемпионатына 77 елден 343 боксшы қатысуда. Онда қазақстандықтардан жарыстың алғашқы күні Сания Сұлтанқызы (57 кг) тунистік Хлими Хоглоудқа (Hlimi Khouloud) 20:10 (5:1, 3:3, 7:2, 5:4), ал  Мөлдір Базарбаева (69 кг) румыниялық Флорина Маринелла Радуға 20:12 (6:3, 3;4, 5:3, 6:2) есебімен есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар