Қазақстандық боксшы қыздар Польшадағы халықаралық турнирге қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Польшаның Гливице қаласында бокстан әйелдер арасындағы ХІІІ Силезия чемпионаты халықаралық турниріне старт берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы қыздар Польшадағы халықаралық турнирге қатысуда

15 қыркүйекке дейін жалғасатын турнирге биыл әлемнің Қазақстан, Канада, Чехия, Англия, Франция, Германия, Грекия, Венгрия, Үндістан, Латвия, Литва, Черногория, Норвегия, Польша, Ресей, Сенегал, Словения, Швеция, Швейцария, Танзания және Украина - жалпы 21 елдің спортшылары қатысып жатыр.

Турнир жасы үлкен спортшылар үшін үстіміздегі жылдың қарашасында Үндістанда өтетін әлем чемпионатына дайындалу үшін зор мүмкіндік болмақ. Олардың арасында бес дүркін әлем чемпионы Мэри Ком (Үндістан), Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Анастасия Белякова (Ресей), сондай-ақ жерлестеріміз - әлем чемпионы Дина Жоламан, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкім, 2014 жылғы Азиаданың күміс медаль иегері Жайна Шекербековалар бар.

Алғашқы күні қазақстандық үш боксшы рингке шықты. Жайна Шекербекова 51 кг салмақ санатында жергілікті боксшы Милена Згленицкиді жеңді. Влада Кухта (57 кг) сербиялық Елена Зекицті үшінші раундта уақытынан бұрын тізе бүктірді. Ал 69 кг салмақ санатында айқасқан Ақерке Бақытжан Чехия өкілі Мартина Шморанцоваға есе жіберді.

11 қыркүектен 14-іне дейін жекпе-жектер екі сессияда өтеді. Біріншісі Астана уақытымен 15:00-де, ал екіншісі 21:00-де басталады.

15 қыркүйек күні ақтық кездесулер 21:00-де басталады.