Қазақстандық боксшы қыздар Түркиядан олжалы оралды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бокстан Түркияның Ыстамбұл қаласында Ахмет Комертті еске түсіруге арналған халықаралық турнирден қазақстандық қыздар 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль олжалап қайтты,

Қазақстандық боксшы қыздар Түркиядан олжалы оралды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сәуірдің 14-19-ы күндері өткен бұл турнирге 29 елден 124 боксшы қатысқан болатын. Ал ел намысын 10 спортшы қорғады. «Барлық сында қарсыластарынан мерейі үстем шыққан Жайна Шекербекова 51 киләда чемпион атанса, Назгүл Боранбаева 46 киләда күміс жүлденің иесі атанды. Ал Әйгерім Асқарова (48 килә), Саида Хасенова (64 килә), Дариға Шакимова ( 69 килә), Жұлдыз Маматқұлова ( 75 килә), мен Марина Волнова ( 81 килә) қола жүлдегер болды. Жалпы бұл жарыста топ жарған спортшыларға халықаралық дәрежедегі спорт шебері дәрежесі беріледі. Бұл біз үлкен жетістік. Құрамадағы барлық спортшылардың өнеріне көңілім толды», - дейді ҚР Әйелдер арасындағы ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Присужник. Жалпы бұл дүбірлі додада ерлер құрамасы да өнер көрсеткен болатын. Қазақстандық 10 былғары қолғап шеберінің екеуі ғана жүлдеге ілікті. Қола медальдің иесі атанғандар - Мирас Рақымжанов пен Данабек Сужанов.