Қазақстандық боксшы Мадияр Ашкеев кәсіби рингте екінші рет жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мадияр Ашкеев кәсіби рингте екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

27 жастағы қазақстандық боксшы бірінші орта салмақта (154 фунтқа - 69,9 келіге дейін) америкалық Обафеми Бакаремен айқасты. "Студио Ситиде" (АҚШ, Калифорния штаты) болған жекпе-жекте Ашкеев басым түсті.

Еске сала кетейік, бұл Ашкеев үшін кәсіби шаршы алаңдағы екінші кездесу. Алғашқысы өткен жылы 12 желтоқсанда өткен. Төрт раундтық жекпе-жекте оның қарсыласы Тэворис Тидж екінші раундтан кейін айқасты жалғастырудан бас тартты.

Америкалық боксшы үшін бұл 4 рет өткізген жекпе-жегіндегі алғашқы жеңілісі болды.

Соңғы жаңалықтар