Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Азия чемпионатының ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстан чемпионы Олжас Сәттібаев Азия чемпионатын сәтті бастады.

Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Ол Таиландтың мықты боксшысы Онгжунта Тэйнспен кездесті, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Жекпе-жектің бірінші минутынан-ақ тай боксшысы Сәттібаевты өз соққыларымен әлсіретпек болды. Алайда ойын жүзеге асыра алмады. Олжас қарсыластың күш алуына бой бермеді. Ұтымды сәттерді қалт жібермей, қарсы шабуылдады.

Төрешілердің барлығы жеңісті жерлесімізге берді - 3:0. Осылайша 2014 жылғы Қазақстан чемпионы құрлықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды. фото - Александр Канивец