03:13, 17 Қазан 2015 | GMT +5
Қазақстандық боксшы Роман Жайлауовтың інісі алғаш рет кәсіби рингте жұдырықтасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал боксшы Роман Жайлауовтың інісі Дайыр Жайлауов 1 желтоқсанда алғаш рет кәсіби шаршы алаңға шығады, деп хабарланған Қазақстан кәсіби боксының Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

1 желтоқсанда Оңтүстік Африка Республикасындағы Кемптон Парк қаласында Роман Жайлауовтың інісі Дайыр Жайлауов бірінші жартылай орташа салмақтағы (140 фунтқа дейін - 63,5 келі) өзінің дебюттік жекпе-жегіне шығады. Әзірге оның қарсыласы кім болатыны белгісіз. Дәл осы күні дәл осы қалада 21 жасар Роман Жайлауов өз салмақ дәрежесі бойынша жеңіліске ұшырамайтын конголық былғары қолғап шебері 22 жастағы Пол Камангамен кездеседі. Айта кетейік, конголық спортшы бірінші жартылай орташа салмақтағы әлемнің ең үздік боксшыларының ТОП-30-ына кіреді. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек KazSport телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.