Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев Головкин-Лемье андеркартында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтіп жатқан Головкин-Лемье аясындағы шоуда жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев жеңіске жетті.
None
None

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін 22 жасар Руслан Мәдиев 26 жастағы америкалық Оскар Сантанаға қарсы кездесу өткізген болатын. Жекпе-жек барлық төрт раундқа созылды және қазылардың шешімімен (40:35, 40:35, 39:36) аяқталды. Осылайша, қазақ боксшысы өз мансабында өткізген алты кездесуде алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның үшеуі - нокаут. Сантана үшін аталмыш жекпе-жек алғашқы жеңіліс болып отыр. Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегіне аз уақыт қалды. Бұл кездесуді тікелей эфирде "Қазақстан" телеарнасы көрсетеді. Фото: vk.com/ggolovkin

Соңғы жаңалықтар