Қазақстандық боксшы Сапарбай Айдаров украиналық қарсыласынан басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe-jek сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің тағы бір жекпе-жегі қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаршы алаңға бесінші болып Сапарбай Айдаров (Қазақстан) пен Андрей Шеметов (Украина) шықты.

Қазақстандық боксшының басымдығымен өткен кездесу 6 раундқа жалғасты. Жеңіс Сапарбай Айдаровтың қанжығасында (60-54, 60:54, 60:54).

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Отандасымыз бұған дейін кездесу өткізіп 16 кездесу өткізіп, оның алтауын нокаутпен аяқтаса, оның қарсыласы 15 жеңісінің төртеуін нокаутпен тәмамдап, бір жекпе-жегін сәтсіз аяқтаған.

Соңғы жаңалықтар