Қазақстандық боксшы Серік Сәпиев Олимпиада-2012-дегі «алтыны» үшін сыйақысын әлі алған жоқ

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиев алтын медалі үшін уәде етілген сыйақылардың барлығын алған жоқ.

Қазақстандық боксшы Серік Сәпиев Олимпиада-2012-дегі «алтыны» үшін сыйақысын әлі алған жоқ

Бұл туралы боксшы Vesti.kz сайтында мәлім етті.

 Сондай-ақ, С.Сәпиев болашаққа әлі нақты жоспар құрмағанын да айтып отыр. Негізі мемлекеттік қызметке тұрғысы келетінін жасырмайды, алайда 2016 жылғы олимпиада мен 2013 жылғы әлем чемпионаттарына қатысу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

 «Егер де сол кезде спортта жүрсем, онда әлем чемпионатына өтуге барымды саламын, - деді ол. - Қазір жаттықтырушы болғым келмейді. Рио туралы да айту да әлі ерте, 4 жыл деген біраз уақыт».