Қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай кәсіби рингте жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 жасар жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай (1-0) кәсіби рингтегі өзінің екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы оның қарсыласы американдық дебютант Колман Филипс болды.
None
None

Төрт раундқа есептелген жекпе-жек екінші раундта-ақ аяқталды, оның қорытындысы бойынша техникалық нокаутпен Шыңғысхан Тәжібай жеңіске қол жеткізді, деп хабарланған Қазақстан кәсіби боксының Вконтакте желісіндегі парақшасында. Жекпе-жек 28 тамыз күні АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтті. Еске салайық, биылғы жылғы 18 шілдеде Шыңғысхан Тәжібай американдық боксшы Брэд Сюстадты 1-ші раундта техникалық нокаутпен басым түскен, сөйтіп кәсіби рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар