Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Галледегі «Chemistry Cup» турнирінің алғашқы финалисі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов 49 келіге дейінгі салмақ санатында Галле қаласындағы (Германия) «Chemistry Cup» халықаралық турнирінің алғашқы финалисі болды, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі.
None
None

Бүгін жартылай финалда Теміртас Жүсіпов түрік спортшысы Толган Өзтүрікті 3:0 есебімен айқын басымдылықпен жеңді. Жүсіпов турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде де барлық үш төрешінің шешімімен жеңіске жеткен болатын. Ертең финалда Теміртас Оңтүстік Корея боксшысы Донгун Шинмен кездеседі.

Бүгін Астана уақытымен түнде «Chemistry Cup» турнирінде біздің тағы үш отандасымыз рингке шығады. Әділбек Ниязымбетов (81 келі) Германиядан Серга Михелмен, Ілияс Сүлейменов (52 келі) ресейлік Василий Веткинмен, ал Берік Әбдірахманов (60 келі) Германия өкілі Роберт Арутюнянмен жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар