Қазақстандық боксшы Уәлиханов кәсіби бокста алғаш рет жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов кәсіби рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz">Sports.kz .
None
None

Асхат Калифорния штатындағы Фресно қаласында екінші раундта никарагуалық Карлос Агилерді техникалық нокаутпен жеңген. Боксшылардың кездесуі бірінші жарты салмақта өткен. Бұл Уәлихановтың кәсіби рингтегі екінші айқасы.

Еске сала кетейік, алғашқы жекпе-жегінде мексикандық Даниэль Бастиеннен жарысқа қатысу құқығынан айырылуы салдарынан ұтылған. 

Соңғы жаңалықтар