Қазақстандық боксшы UFC ұйымымен келісімшарт жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдан келген этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (38-10) UFC ұйымымен жаңа келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы UFC ұйымымен келісімшарт жасады

Келесі жекпе-жекте Сайран америкалық Дэррик Миннермен (26-13) жұдырықтасады. Нұрданбек-Миннер жекпе-жегі 5 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 214 турнирінде өтеді.

Сайран Нұрданбек соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен америкалық Ти Джец Браунды (16-9) жеңді.



Фото: sports.kz