Қазақстандық боксшы үш атақты қорғағаннан кейін IBF-тің үздік ондығына кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) орта салмақ дәрежесіндегі рейтингте орнын едәуір жақсартты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Sport.kz-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
None
None

Жақында Минскідегі жеңісінен кейін Айдос Ербосынұлы рейтингте 13-орыннан 9-орынға көтерілді. IBF – Айдос үшін ең басты төрт ұйымның ішіндегі әзірге чемпиондық белбеуі жоқ жалғыз ұйымы.

Еске сала кетсек, қазақстандықтар WBO Global, WBC Asia және WBA International бойынша екінші дәрежелі атақтарға ие. Соңғы жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы әділқазылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша нигериялық неміс Нуху Лавалды (27-7, 15 КО) жеңіп, белдіктерін сәтті қорғады.


Соңғы жаңалықтар