16:13, 24 Тамыз 2014 | GMT +5
Қазақстандық боксшы Вадим Казаков Нанкиндегі жастар Олимпиадасының финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нанкинде өтіп жатқан жастар олимпиаласында қазақстандық боксшы Вадим Казаков финалға шықты. 81 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан ол жартылай финалда армениялық Нарек Манасянды 2:1 есебімен тізе бүктірді.

27 тамызда өтетін финалда ол жастар арасындағы әлем чемпионы болгариялық Благо Найденовпен қолғап түйістіреді бүгін 19:15-те 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Шалқар Айқынбай финалға шығу үшін әзірбайжандық Руфат Хусейновпен күш сынасады.