Қазақстандық боксшы Василий Левит Доxадағы Әлем додасының жартылай финалына шыға алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының боксшысы Василий Левит Катардың Доxа қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/4 финалында жеңіліс тапты.

Қазақстандық боксшы Василий Левит Доxадағы Әлем додасының жартылай финалына шыға алмады

91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Василий жартылай финалға салынған жолдама жолында украиналық Геворг Манукянға 1:2 (28:29, 29:28, 28:29) есебімен жол берді.