Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов WBA рейтингінде жеңіл салмақ бойынша үздік атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша әлем боксшыларының жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлады Sports.kz.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жанат Жақиянов өз дәрежесінде екінші орыннан біріншіге көтерілді.
Қанат Ислам бірінші орта салмақ дәрежесінде алтыншы орынды сақтап қалды.
Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде бұрынғыдай көш бастап тұр.