Қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың Монте-Карлодағы жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қараша күні Монте-Карлода жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) қазақстандық кәсіпқой боксшы 31 жастағы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы венесуэлалық 29 жасар Йонфрес Парехомен (17-1-1, 8 КО) кездеседі.

Қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың Монте-Карлодағы жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы 7 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 23:45-те тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды kazsport.kz. 12 раундтық кездесуде Венесуэла боксшысына тиесілі WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы (53,5 келіге дейін) уақытша әлем чемпионы титулы таразыға салынады.